{metadescription}
​Астана Банкі төңірегіндегі дауға  Бас банкир араласты
​Астана Банкі төңірегіндегі дауға  Бас банкир араласты

​Астана Банкі төңірегіндегі дауға Бас банкир араласты

Данияр Ақышевтың айтуынша, салымшыларға өз ақшасын бермей отырған банк акционерлерімен әлі келіссөз жүріп жатыр екен. Бірақ, неге мәселе әлі толық шешілмеген?

-ДаниярАқышев Астана банкінің клиентетріне қалай көмектеспек? Салымшылардың мәселесі қашан шешіледі дейді?

Ұлттық банктегілер ең алдымен Астана Банкінің шетелде жүрген салымышларына көмектеспекші. Яғни, өзге мемлекетте ем қабылдап жатқандар болса, олардың картасындағы ақшаны қалай да шешіп беруді талап етпек. Жалпы Астана банкінің акционерлерімен келіссөздер әлі жалғасып жатыр екен. Сондықтан банктің елдегі клиенттеніне күтуге тура келеді. 

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:                    

-Банктер азаматтардың ақшасын ұстап отыр. Ұлттық банк ретінде біз екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының салымшылар алдындағы міндетін орындатуға жауаптымыз. Проблемалық банктерді анықтадық. Олармен жұмыс істеп жатырмыз.

-Бас банкир теңгенің тағдырына қатысты қандай болжам айтты? 

Ақышев теңгеге қатысты екіұшты пікір білдірді. Соңғы күндері құлдырап кеткен Ресей рублі біздің теңгеге де әсер еткен. Яғни, валюта нарығындағы жағдай ішкі және сыртқы факторларға тікелей байланысты екенін айтты. Бірақ, дәл қазір теңгеге төніп тұрған қауіп жоқ дейді Ұлттық банк төрағасы. 

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:                    

-Бірнеше күннен бері рублінің құлдырағанын көріп отырмыз. Бұл теңгеге де әсер етті. Дегенмен ұлттық валюта үшін өте қолайлы кезең туып тұр. Мұнай бағасы өте жоғары, баррелі 75 долларға жуықтады.

Сондықтан, жақын күндері еліміздегі ақша айырбастау орталықтарында үлкен өзгеріс не тұрақсыздық болмайды екен. Ал бір аптада  АҚШ ақшасы бірден 3 теңгеге қымбаттап, 330-ға жетті. Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы  бүгін депутаттарға онлайн-несие беретін мекемелердің жұмысын реттеу туралы заң жобасын да таныстырыды. Құжаттың мақсаты – адамдарды шексіз қарыздан құтқару.  Өйткені қазір интернет арқылы несие тарататын ұйымдарға шектеу жоқ. Мұндай қарыздың жылдық өсімі 900 пайызға жетеді. Жылдам несиені  236 мың адам алып үлгерген. Клиенттердің құқығы мүлдем қорғалмаған дейді Ақышев. Енді онлай-несиенің үстемақысына шектеу қойылады және қарыз тек теңгемен берілуі тиіс. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.