{metadescription}
Алматыда «Астана банкіндегі» депозиттерін ала алмаған жұрт шу шығарды
Алматыда «Астана банкіндегі» депозиттерін ала алмаған жұрт шу шығарды

Алматыда «Астана банкіндегі» депозиттерін ала алмаған жұрт шу шығарды

Қаржы ұйымының жабылып қалуынан қорыққан салымшылар жаппай  банкке аттанды. Алайда, лап қойған салымшылардың талабын табанасты орындай алмаған банк ақшаның таусылғанын айтып одан сайын басы дауға қалды.      

Жағдайдың ушыққан сонша кейбір клиенттердің жүрек талмасы ұстап, жедел-жәрдем шақыртуға тура келді. Банк бөлімшесін басына көтергендер ақшаларын түгелдей қайтарып беруді талап етті. Жұрттың бұлайша өре түрегелуіне үш бірдей банк төңірегінде туындаған дау себеп болған. «Көрсеткіші нашар» коммерциялық ұйымдардың бірі деп осы «Астана банкінің» аты аталған еді. Ақпарат тараған күні ертесіне-ақ 800 мыңға жуық клиент бас салып ақшасын шешіп ала бастаған. Осылайша қолма-қол активі таусылған банк барлық операцияларына шектеу қойып тастады. Атап айтқанда, бір реттік қолма-қол тек 100 мың теңге, ал ақша аударымдары тек 50 мың теңгеге дейін рұқсат етіліпті. Банк басшылығы мұны уақытша шара деп түсіндірді. Айтуларынша, 1-маусымнан бастап салымшылары қалаған сомасын алып кете алады. Алайда, банктердің табанасты жабылып қалуынан әбден шошынып қалған жұрттың бұған сенгісі жоқ.            

Ольга Грибенкина, Алматы қаласының тұрғыны:

-Кеше ғана кол-центр қызметкері ақшаңызды түгел шеше аласыз деп айтқан еді. Енді бүгін банк өкілдері басқаша сөйлеп отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл банкке қалай сенеміз?

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.