{metadescription}
Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген экс-полцейге қатысты сот үкімі шықты
Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген экс-полцейге қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте көлігімен адам қағып өлтірген экс-полцейге қатысты сот үкімі шықты

Бір үйді асыраушысынан айырған бұрынғы капитан екі жыл бес айға шартты мерзімге сотталды.

Сондай-ақ, ол енді 4 жыл бойы темір тұлпар тізгініне отыра алмайды. Сайрам аудандық анықтау бөлімінің басшысы болған Жандос Оразалиев өткен жылдың тамыз айында жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан бір үйдің үш адамын қағып өткен еді. 37 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, марқұмның әйелі мен 16 жастағы баласы едәуір жараланған болатын. Адам қағып өлтірген капитан сол сәтте оқиға орынан қашып кетіп, бірақ кейін ұсталған. Тоғыз ай тергеу қапасында жатқан Оразалиев ақыры кінәсін мойындамаған күйде бостандыққа шықты. Оның мұндай жеңіл жазамен құтылуына жәбірленушімен ортақ бітімге келуі себеп. 

Момбек Әмірбеков, судья:

-Сотталушының туған-туысқандары жәбірленушіге тұрғын үй сатып алып берген. Сонымен тергеудің барысында жарасып қалғандары сотта анықталды. Сот барысында да жәбірленуші тараптар сотталушыға жаза тағайындай, босатуды сұрады. 

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.