{metadescription}
Батыста өзбек азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады
Батыста өзбек азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

Батыста өзбек азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

Батыс Қазақстан облысында автобус пен жүк көлігі қақтығысып екі адам қаза тапты. Ажал құшқандардың екеуі де Өзбекстан азаматы.

Қайғылы оқиға Орал-Атырау тас жолының 170 шақырымында  түнгі сағат бірлер шамасында болған. Бетпе-бет соғылған екі көліктің сау тамтығы қалмапты. Бұл апатқа қатысты полицейлер мардымды ақпарат бермей отыр. Белгілісі қоғамдық көліктің де, жүк машинасының рөлінде Өзбекстан азаматтары болған.  Олар жедел-жәрдем жеткенше жан тапсырған. Ал автобустың 35 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Айнагүл Сақбосынова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

-Үшінші зардап шеккен адам 1983 жылы туған Қазақстан азаматы. Қазіргі таңда Ақжайық ауруханасына жеткізілген. Миы шайқалған және бас жарақатын алған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.