{metadescription}
Маңғыстау облысында теміржол өткелінде болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды
Маңғыстау облысында теміржол өткелінде болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды

Маңғыстау облысында теміржол өткелінде болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды

Маңғыстау облысында «Қазақстан темір жолына» қарасты тепловоз бен Газелдің соқтығысуына қатысты сот процесі басталды. Өткен жылдың қарашасында болған бұл қайғылы оқиға бойынша тергеу 5 ай бойы жүргізіліп, бүгін теміржол өткелінің сол күнгі кезекшісі сот алдында жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, осы жол апаты салдарынане 9 адам қаза тауып, 27-сі ауыр жараланған еді.

Кезекшіге қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін сақтамау» бабы бойынша айып тағылған. Тергеу кезінде машинист пен шағын автобус жүргізушісінің және кезекшінің іс-әрекеттері тексерілген. Ал, сараптама оқиға болған жерде көз жұмған Газель жүргізушісі мен кезекшінің спиртті ішімдік ішкенін анықтапты. Теміржол кезекшісін жауапқа тартуға да осы жағдай себеп. Бірақ, оның қорғаушысы тағылған айыппен келіспейді: айтуынша, қылмысқа жауап беретін адам табу керек болған соң тергеу кезекшіні құрбан қылып отыр. Ал, сол оқиға кезінде туыстарынан айрылып, зардап шеккендер сот әділ өтсе екен дейді. Бұл оқиғаға теміржол өткелінің кезекшісі ғана кінәлі деген тұжырыммен олар да келіспейді.

Сәуле Есболова, зардап шегуші:

-Мен ойлаймын шлагбаум жасамай қалғандықтан осындайға апарып отыр ғой, Сол себептен теміржол кінәлі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде