{metadescription}
Мәжіліс онлайн-несие беретін фирмаларды сабасына түсіретін заңды бекітті
Мәжіліс онлайн-несие беретін фирмаларды сабасына түсіретін заңды бекітті

Мәжіліс онлайн-несие беретін фирмаларды сабасына түсіретін заңды бекітті

Онлайн-несие беретін ұйымдардың да дәурені аяқталуға жақын. Ұлттық банк интернет арқылы 900 пайызбен қарызға ақша  тарататын  шағын фирмаларды қатаң бақылауға алмақ. Енді мұндай компаниялар жылдық үстемені 100 пайыздан асырмауы тиіс. Және несие тек теңгемен берілу қажет. Ал осы талаптарды орындамаған фирманың клиентке ұсынған қарызы тиын-тебен болып қалады. Бүгін Мәжіліс мақұлдаған  «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң аузы күйген адамдарды қорғайды деген үміт бар.

Онлайн несиеден опық жегендердің бірі - қарағандылық Кристина. Ол  онлайн несие беретін үш ұйымнан бірден  қарыз алған.  Емделу үшін шұғыл қаржы қажет болды дейді ол. Келіншек 1 айға деп рәсімдеген несиенің төлемін бірнеше айға кешіктірген. Қазір берешегі шаш етектен. 

Кристина Яковлева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- «Онлайн-финанстан» 85 мың теңге алдым. Қазіргі қарызым 550 мың болып тұр.  Егер 1 айдан кешіктірмей төлегенімде 146 теңге қайтарар едім. Ал «Мани мен» фирмасынан 200 мың теңге берген. Енді 1 миллион 200 мың теңге қайтаруым тиіс. Жылдық үстемесі 1000 пайызға дейін. Мен мұндай ақшаны таба алмаймын.

Шағын фирмалар Кристинаның құжаттарын  жеке сот орындаушыларға тапсырған. Сондан бері тыныштығы бұзылған. Белгісіз біреулер күнде мазалайды, «алаяқсың» деп балағаттайды екен. Қазақстанда Кристина  сынды  236 мың адам интернеттен жедел несие алып үлгерген. Мұндай несиені рәсімдеу  де оңай. Фирманың сайтына кіріп өтініш қағазын толтырасыз, ақша банк карточкаңызға түседі. Ал клиенттің құқығы заңмен қорғалмаған. Және алған адам қарыздан  жақын жылдары құтылмайды. Өйткені, онлайн-несиенің жылдық үстемесі 900 пайызға дейін жетеді.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Онлайн-несие беретін ұйымдардың жұмысын реттеу керек. Егер банктер 56 пайыздық жылдық үстемақымен қарыз берсе, олайн-несиеде  шек  жоқ. Олар 700, тіпті 900 пайызға дейін көтереді.

Сондықтан Ұлттық банк онлайн-несие беретін ұйымдарға мынадай талаптар  қойып отыр:  жылдық үстеме 100 пайыздан аспауы тиіс. Және несие тек теңгемен берілу қажет. Егер шағын фирма жаңа заңда жазылған осы шартты  бұзса,  клиентке  берген қарызы тиын-тебен болып қалады. Ұлттық банк  тіпті олармен соттаспақ. Мақсат – интернет арқылы несие беретін ұйымдарды жабу емес, азаматтарды өмір бойы қарыз төлеуден құтқару дейді Ақышев.  Бүгінге дейін онлайн-несиеге еш  шектеу болмаған.

-Қазір елімізде 15 фирма заңды түрде тіркеліп, интернет арқылы  қарыз береді. Қалғандары аңқау жұртты алдап жүрген алаяқтар екен. Сондай-ақ, дәл осы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» туралы заңда  Қазақстаннан шетелге жасырын ақша аударып жүргендерге қарсы шаралар, күшейтілген бақылау  туралы жазылған. Құжат күшіне енсе, Ұлттық банк Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, банктік құпия ақпараттар алмасуға құқылы болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде