{metadescription}
Ақшасын қайтара алмаған «Астана банкі» салымшыларының талмасы ұстап естен танып жатыр
Ақшасын қайтара алмаған «Астана банкі» салымшыларының талмасы ұстап естен танып жатыр

Ақшасын қайтара алмаған «Астана банкі» салымшыларының талмасы ұстап естен танып жатыр

«Астана банкінен» ақшасын ала алмаған салымшылар жаппай даурығып жатыр. Жеке тұлғалар ғана емес, компаниялар да банктегі шотын біржолата жапқысы келеді. Ал клиенттердің бұлайша дүрлігуіне өткен аптада проблемалы қаржы ұйымдарының қатарында осы банктің аты аталуы себеп болған. Мұны ести сала жинақтарын алуға асыққан жұртқа "Астана банкі" ақша тауып бере алмай, енді шектеу шараларын қолдануға мәжбүр. Десе де қаржы ұйымының басшылығы уақытша шара деп түсіндіруге тырысқанымен, оған қарапайым салымшы түгілі Ұлттық банк төрағасының өзі де аса сенбейтін сыңайлы.

«Астана банкі» салымшылардың ақшасын қайтара алмай, бүгін тағы сабылтып қойды. Әбден жүректері шайлығып қалған кейбір клиенттің тіпті талмасы ұстап, жедел-жәрдем шақыртуға тура келген. Жеке тұлғалар тұрмақ, қазір кәсіп иелері де әне-міне жарылуға шақ тұр. Өйткені, банк олардың да есепшоттарына шектеу қойып тастапты. Яғни, миллиондардың орнына тек 50 мың теңге шешуге рұқсат еткен. Салдарынан, қаны басына шапқан бизнесмендер банкирлерге келіп сес көрсетті.       

Банк бөлімшесін басына көтергендердің талабы біреу. Ақшасын түгел санап алу. Алайда, оны орындауға «Астана банкінің» шамасы жоқ. Өйткені, еліміздегі үш бірдей банк төңірегінде дау туындаған күні ертесіне-ақ мыңдаған клиент қаржысын шешіп алып кеткен. Сөйтіп, ақшасыз қалған «Астана банкі» шоттарға дереу шектеу қойып жатыр.      

Қайсар Иманғалиев, «Астана банкі» Алматы филиалының директоры:

-Бүгінгі таңда қолма-қол ақша жағынан кішкене қиыншылықтар туындап тұр. Себебі бірінші 3-4 күнде көптеген қолма-қол ақша бізден шешіліп алынды. Заңды тұлғалармен, жеке тұлғалармен. Банк шешіп жатыр бүгінгі таңда сұрақтардың бәрін.

Мәселенің шешіліп жатқанына қарапайым салымшы түгілі, Ұлттық банк төрағасының күмәні бар сияқты. Данияр Ақышевтың айтуынша, салымшыларға өз ақшасын бермей отырған банк акционерлерімен әлі келіссөз жүріп жатыр екен. Яғни, мәселе әлі толық шешілмеген. Әріптестерінен күдіктенді ме, әйтеуір Ақышев алдымен банкке шетелде жүрген салымшыларының картасынан шектеуді алып тастауды талап еткен. Ал елдегі клиенттеріне бір айдай күтуге тура келеді. 

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы: 

-Банктер азаматтардың ақшасын ұстап отыр. Ұлттық банк ретінде біз екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының салымшылар алдындағы міндетін орындатуға жауаптымыз. Проблемалық банктерді анықтадық. Олармен жұмыс істеп жатырмыз.

Ашылғанына небәрі 5 жыл болған «Астана банкі» қазір жатпай-тұрмай несие активтерін сатып жатыр. Одан түсетін қаржы - 17 миллиард теңгеге жуық. Айтуларынша, клиенттердің қаржысын қайтаруға жеткілікті. Айта кету керек, «Астана банкі» салымшыларының саны 800 мыңнан асып жығылады. 

-Қит етсе өсімақы қосуды ұмытпайтын қаржы ұйымы бұл жолы халыққа өз қиыншылығын айтып, түсіністікпен қарауды өтінді. Жұрттың қарызы мен басқа да қажеттіліктерімен шаруасы жоқ банк өкілдері 1-ші маусымға дейін күтуден басқа, амал жоқтығын ашық айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.