{metadescription}
Елімізде жыл басталғалы азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен
Елімізде жыл басталғалы азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен

Елімізде жыл басталғалы азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен

Әсіресе, жұрт көп тұтынатын ет пен көкөніс қолжетімсіз болып барады. Қалалық жерлерде сүт өнімдерін сатып алу да тұрғындардың қалтасына ауыр тиюде.

Жалпы 4 айда азық-түлік құны 3 пайыздай көтерілген. Көкөністер, тіпті, 15 пайызға қымбат бола түсті. Әсіресе, қияр мен қызанақты кез-келген адам сатып ала алмай қалған. Десе де, олардың енді арзандайтынын айта кетейік. Тұтынушылар арасында сұранысқа ие салқындатылған сусындар да қымбатшылық жағынан қалыспайды. Ал, спирттік ішімдіктер құны бірден 30 пайызға өсті.  Energyprom аналитиктерінің мәліметінше, ең қымбат алкоголь Астана мен Шымкент қалаларында екен. Бірақ, бұл тойшыл жұртқа тосқауыл болып отырған жоқ. Яғни, баға өскен сайын, арақ-шарапқа сұраныс та арта түскен. Бізде, тіпті, жылына таза 10 миллион литрден аса этил спиртін сіміретіндер бар көрінеді.

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде