{metadescription}
"Су жоқ": Оралда жарты ғасыр шыдас беруі тиіс құбыр он жылға жетпей шіріп кеткен
"Су жоқ": Оралда жарты ғасыр шыдас беруі тиіс құбыр он жылға жетпей шіріп кеткен

"Су жоқ": Оралда жарты ғасыр шыдас беруі тиіс құбыр он жылға жетпей шіріп кеткен

Оралда мыңдаған адамды сусыз қалдырған апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтауда. Сараптама қорытындысына сай кінәлілер де белгілі болмақ. Алайда, коллектрдің қашан жөнделері, төртінші күн қатарынан қаталап отырған жұрттың ауызсуға қашан қол жеткізері әлі белгісіз.

Салават Айбатов, «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары:

-Біз құбырды қазып бастағанда, оның топырақпен басып жаншылып қалғанын көрдік. Бөлшектерді біртіндеп жинап жатырмыз. Арнайы комиссияға өткіземіз. Олар апатқа нақты не себеп болғанын зерттейді.

Жөндеу жұмыстарына қанша қаржы кететінін қалалық су арнасы айтпай отыр. Белгілісі бұл құбыр 2009 жылы төселген екен. Жоспар бойынша жарты ғасыр тұруы керек еді. Бірақ он жылға жетпей шіріп кетті. Салдарынан қала халқының үштен бірі ауыз судан қағылды. Енді жетпіс мың адамға су уақытпен беріліп, үлгермегендері сатып ішуге мәжбүр. Бірақ оның өзі таза емес дейді тұрғындар.

Ақжан Бабагужиев, Орал қаласының тұрғыны:

- 50 тенге деген арзан сияқты көрінеді. Бірақ отбасында бір ғана адам емес қой. Сонымен қатар жуыну керек, ал бұны тек ішуге және тағамға пайдалансың.  Жуыну туралы айтудың өзі артық. Уақытпен береді. Үлгерсең жақсы. Үлгермейтіндер көп. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.