{metadescription}
Тұрғындар қандай электронды қызмет түрлерін жиі пайдаланады?
Тұрғындар қандай электронды қызмет түрлерін жиі пайдаланады?

Тұрғындар қандай электронды қызмет түрлерін жиі пайдаланады?

Қазақстандықтардың жартысынан көбі темір жол, әуе билеттерін электронды алатын болған. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сатылған билеттердің 64 пайызы онлайн жолмен алынған.

Арыға бармай-ақ, алты-жеті жыл бұрынғы жағдайды еске алсақ, дәл осындай көрініс болатын. Кассада сағаттап кезекте тұру қалыпты құбылыстай көрінетін. Ал, қазір смартфонның тілін тапқан, интернетпен «сәлемі түзу» әр адам үйден шықпай-ақ шаруасын тындыра берсе болады.Елге қазір электронды қызмет деген сөз құлақтарына түрпідей тимейді. Тиімді екенін түсінді. Оны онлайн пайдалану дағдыларына айналды десе де болады. Сөзге дәйек.

Былтыр жолаушылардың 64 пайызы билетті электронды сатып алған. Сарапшылар, 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 90 пайызы онлайн кассаның көмегіне жүгінеді деген сенімде. Интернеттен бөлек, билет алуға арналған 17 мың терминал жұмыс істейді.

Онлайн қызмет қай салада болмасын оңтайлы болып тұр. Қоғамдық көліктердің өзінде электронды төлем жүйесі белсенді пайдаланылады. Интернет банкингтің де қазір айы оңынан туып тұр. Ал, жиі пайдаланылатын электронды қызметтерді ТОР қа бөлсек, көшті билет сатып алу бастап, коммуналдық қызметті онлайн төлеу қостап тұр.

Марат Ищанов, ақпараттық жүйелерді дайындайтын компанияның жетекшісі:

-Соңғы кезде коммуналдық шоттарымызды кассаға барып, банкте екі-үш сағат тұрып ондай жоқ, онлайн кіріп комиссиясыз бәрі төлейді. Шынымен соның бәрін дамытып жатыр . Бұрын интернет тек видео үшін, музыканы тыңдау үшін болған. Қазір көптеген қызметтер пайда болды.

Осылайша, билет сатып-алу, коммуналдық қызметті төлеу мен тауарларды алып-сату ең жиі қолданылатын онлайн қызметтердің үштігіне кіреді. 2017 жылғы мәлімет бойынша халықтың 77  пайызы интернетті пайдаланады екен.

Батыстағы жағдайды бағамдайтын болсақ, жүргізілген сауалнама қорытындысы Еуропада орташа халықтың 77 пайызы интернетті тек телефон арқылы қолданатынын көрсеткен. Яғни, компьютер тек жұмыстағы құралға айналып барады.

Қазіргі қарқыннан таймаса, Қазақстанда бірнеше жылда ол көрсеткіштің көшіне қосылуы да ғажап емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде