{metadescription}
Жамбыл облысында пара алды деп күдікке ілінген судьяға қатысты екіұшты мәлімет пайда болды
Жамбыл облысында пара алды деп күдікке ілінген судьяға қатысты екіұшты мәлімет пайда болды

Жамбыл облысында пара алды деп күдікке ілінген судьяға қатысты екіұшты мәлімет пайда болды

Жамбыл облысында соттардың беделіне нұқсан келді. Тараз қалалық №1 сотының судьясы 650 мың теңге пара алды деген айыппен ұсталды. Ұлттық бюроның мәліметінше, фемида өкілі мүлік бөлісу туралы азаматтық іс бойынша орындау хатын бергені үшін жеке тұлғадан осыншама ақша алған.

Нұрлан Жахин,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен және де жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлықты ескерту бөлімімен бірлескен іс-шара барысында  Тараз қаласының судьясы пара алу күдігімен ұсталған. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жағдайдың қашан болғаны белгісіз. Бірақ ақпарат бүгін тарады. Сондай-ақ, күдікті қылмыс үстінде ұсталды ма, ол жағы да анық емес. Әдеттегідей тергеу құпиясы деген желеумен деректер ашық айтылмауда.  Белгілісі, фемида өкілі қалалық сотта 4 жылдан бері қызмет атқарып келген. Ол кінәсін толық мойындауына байланысты бостандықта жүрген көрінеді. Және де жұмысынан шеттетіліпті. Ұлттық бюродағылар күдікті жасаған ісін мойнына алды десе, облыстық соттың өкілі бұл деректі теріске шығарды. 

Дидар Түкібаев, Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Сонымен қатар азаматтық істі тексеру барысында атқару парағы оқиға болған кезден біраз уақыт бұрын жазылғаны анықталған. Одан бөлек, бұл сұрақ бойынша судьяның өз позициясы болуына байланысты кінәсін толығымен мойындау туралы мәлімет мезгілінен бұрын деп есептеледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.