{metadescription}
Ақмола облысында соғыс кезінде жоғалған сарбаздың топырағы туған ауылына жеткізілді
Ақмола облысында соғыс кезінде жоғалған сарбаздың топырағы туған ауылына жеткізілді

Ақмола облысында соғыс кезінде жоғалған сарбаздың топырағы туған ауылына жеткізілді

Туған топырағына 75 жылдан соң оралды! Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен зеренділік Қайырғожа Әбутәліпов жерленген топырақ өзі туған Қарашілік ауылына жеткізілді. 19 жасында қан майданға аттанған ол 1944-ші жылы ерлікпен қаза тауып, аласапыран жылдары Эстонияның Нарва ауданындағы «белгісіз жаунгерлер» зиратына жерленген екен. Көп жылдар бойы бір хабар ала алмай, іздеу салып келген Әбутәліповтің туыстары тек 2011-ші жылы бір дерек тапқан. Содан  7 жылдан кейін ғана оның сүйегін елге жеткізуге мүмкіндік туыпты.

Жасынан жалындаған жігерлі жігіт Қайырғожа 17-18 жасында колхоздың бас есепшісі, басқарма төрағасы  болып жұмыс істеп жүріп, жасы 19-ға толғанда соғысқа  аттанған екен. 1942 жылы Волхов майданының 5-ші атқыштар ротасына алынады. Үнемі алғы шепте талай бекіністі бұзып жан беріп, жан алысқан сәтте ерлігімен көзге түскен қазақ жігіті жайлы тың деректер кейіннен Ресейдің әскери мұрағатынан табылады.

-Қан майданда  хабар ошарсыз кеткен жауынгер Қайырғожа Әбутәліпов жайлы бір дерек іздеген туысқандары  2011 жылы Ресей қорғаныс министрлігінің электрондық сайтынан оның Эстонияның Андрасан деревнясы маңына жерленгенін анықтайды. Бірақ бірден зиратқа барып, оның сүйегін алып келудің реті болмаған.

Қайырғожа Әбутәліпов «Қызыл Жұлдыз» орденін, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін» медальдарын таққан. Ол атқан оқтан талай фашист жер жастанды деген деректер де шықты. 1944-ші жылы рота командирі майданда мерт болып,аласапыран сәтте «белгісіз жауынгерлер» зиратына жерленген екен. Енді, міне, араға ондаған жылдар салып ауыл сарбазы жатқан  топырақты жеткізуге мүмкіндік туды.

Айдос Әбутәліпов, Қ.Әбутәліповтің інісі:

-Алапат соғыстан кейін хат келмей кетті. Бір уақыттарда қара қағаз келді. Бірақ онда дұрыс жазылмаған, қай жерде қалай болғаны. Ал еді мына жағдайда сол табылып, өзінің ата мекеніне, анасының жанына барғанына қуандық.

Айдос ақсақал «соғыс бітіп, еліміз Ұлы жеңісті тойлап жатқанда баласынан айырылған шешем марқұм бүгіліп бұрышта баласын жоқтап отырушы еді. Ана аманатын орындадым-ау» дейді күрсініп.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.