{metadescription}
"Мысықты атқым келді": Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты
"Мысықты атқым келді": Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

"Мысықты атқым келді": Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда алты жасар балаға пневматикалық қарудан оқ атқан адам ұсталды. Құдай сақтап, кішкентай Әмірхан дін аман. Ал ойнап жүген балаларды көздеген 26 жастағы күдікті араға бірнеше күн салып қолға түсті. Оның терезеден тағы да оқ атып жатқанын  Әмірхан Теңеубаевтың анасы кездейсоқ көріп қалып, тәртіп сақшыларына хабарлапты. Күдікті болса, балаларды емес, аулада маза бермей жүрген мысықтарды көздедім деп ақталып отыр.  

Мына кадрлар сол маңдағы дүкеннің бақылау камерасына түсіп  қалыпты. Мұнда кішентай Әмірханның кенеттен аяғын ұстай алғаны анық көрініп тұр. Абырой болғанда, сәбидің денсаулығына аса зиян келмеген.  Сол күні болған сұмдық оқиғаны баланың  өзі айтып берді.

Әмірхан Теңеубаев, жәбірленуші:

-Мен мына жерде досыммен тұрғанмын. Кенеттен аяғыма бірдеңе  тигендей болды. Оқ екенін бірден білдім. Қатты ауырды. Достарым мені үйге апарып тастады. 

Баланың ата-анасы болған жағдайды айтып, тәртіп сақшыларына хабарласыпты. Олар  оқиға орнынан травматикалық қарудың гильзасын тауып алған. Ал күдікті ойламаған жерден қолға түсті. Әмірханды ертеңіне ауладан іздеуге шыққан анасы ашық тұрған терезелердің бірінен тағы да оқ атылып жатқанын  көріп қалып, полицияға хабарлаған.  Сол күні-ақ құрықталған 26 жасар күдікті  балаларды емес, түні бойы мияулап маза бермейтін мысықтарды көздедім деп ақталды.

Дария  Нұрғалиева, Әмірханның туысы:

 -Біз қорқып кеттік. Тәртіп сақшылары ініме оқ тиді деді. Бала тек ертеңіне ғана аяғына тұрды. Меніңше , күдікті ойнап жүрген балаларға әдейі оқ атқан. Оның терезесін тасалайтындай бұл жерде  тал не бұтақ жоқ. Мысықты көздесе, мүлт кетпес еді.   

Бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары «қару қолданып, бұзақылық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын  бастаған.  Күдіктінің мылтығын тәркілеп, өзін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберіпті. Егер атқыштың мысықты емес, баланы көздегені дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.