{metadescription}
"Мен қазақпын": Отарда  әскери шеру кезінде сарбаздар орындаған ән хитке айналды
"Мен қазақпын": Отарда  әскери шеру кезінде сарбаздар орындаған ән хитке айналды

"Мен қазақпын": Отарда әскери шеру кезінде сарбаздар орындаған ән хитке айналды

Әкімдер сарбаздар сапында. Жамбыл облысында өткен жауынгерлік парадқа барлық облыс басшылары қатысып, сап түзеді. Отардағы айтулы әскери шара қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Президент заманауи мобильді әскер құрудың маңыздылығы айрықша тоқталды.

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Бір ай бойы желдің өтінде, күннің астында тізе бүкпей дайындықтарын пысықтаған сарбаздардың салтанатты шара алдындағы көңілі қобалжулы. Ал Отардың ортасына төселген асфальт пен жасанды жасыл шөп шерудің көркін ашқандай. Әскери базаға президент Нұрсұлтан Назарбаев ақ тікұшақпен қонды. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы жаңа қауіптерге тойтарыс беріп, сақ болу үшін заманауи мобильді әскер құрудың маңыздылығына айырықша тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш. Қастерлі парыз. Қарулы күштеріміз халқымыздың сенімді тірегі. Мемлекеттік берік қалқаны. Мерекелеріміз құтты болсын! ҚР Қарулы күштері жасасын.

Күнделікті қара костюм, ақ көйлекпен жүретін әкімдер бүгін әскери киім киіп, бәрі қаз-қатар сап түзеген. Алғаш рет аймақтық қорғаныс бөлімшелеріне Жауынгерлік ту тапсыру шерудің  ерекшелігі болды.

Жауынгерлік шерудің шашбауын көтеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және 40 ұшу аппараты жұмылдырылған. Сын сағатындағы олардың мүмкіндігін тексеру үшін шынайы тактикалық іс-қимыл көрсетілді. Әуе соққысының дауысы даланы жаңғыртып, Отардың төмпешіктерін шаңға бөктірді. Жауды жан-жақты жапыру жолында «Точка У» тактикалық зымырандық жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы зымырындық кешені және артиллерияның басқа да қару түрлерінің мүмкіндігі паш етілді.

Отан қорғаушылар күніне орайластырған шараны алыс-жақын аймақтан жеткен тұрғындар да тамашалады. Арасында соғыс ардагерлері де бар. Оқ пен оттың ортасынан оралған майдангерлер бұл қарулардың тек жаттығуда атылуын тілейді.

Керімқұл Қосақов, соғыс ардагері:

- Әскери дайындық өте күрделі, өте жақсы өтті. Бүкіл халық жиналды. Нешетүрлі соғыс әрекеттері, барлық қарулы күштері қатысты.

Парад барысында әскери-әуе күштерінің майдандық және армиялық авиациясының ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе ұрысын жүргізді. Бір сөзбен айтқанда күштік құрылым қандай жағдайға болмасын дайын екенін көрсете алды.

Біржан Баймұқанов, танк батольонының командирі:

-Біздің Қазақстанның техникасы қай-қай жақтан жау келсе де төтеп беруге дайын. Жақсы баға деп көрсетті. Қанша қиындықтар болса да өздерінің мәртебесін жоғары көрсетті.

Жауынгерлік шерудің нүктесін сарбаздар «Мен Қазақпын» әнімен қойды.

-Әскери әлеуетіміздің әлі айшықтаған, қарым мен қаруын қатар сайлаған сарбаздардың біліктілігі баршаға паш етілген жауынгерлік парад еліміз тәуелсіздік алғалы екінші рет өтті. Арынды қазақ әскері бойында қыранның қырағылығы, сауысқанның сақтығы мен арыстанның айбаты барын көрсетті. Ұранды елдің ұрпағы айбарлы болар. Бүгінгі жауынгерлік парад соның дәлелі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.