{metadescription}
Назарбаев Алакөлдің жарнамасына өзі кірісті
Назарбаев Алакөлдің жарнамасына өзі кірісті

Назарбаев Алакөлдің жарнамасына өзі кірісті

Алакөл адамдар іздеп келетін үлкен туристік орынға айналуы тиіс! Алматы обласына барған президент тұрғындарды осы көлдің жағасында демалуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жан-жақтан келіп жатыр, біздің Қазақстанның ең туристер келетін жері болу керек. Себебі, дәл елдің ортасында. Алматыға да жақын, Қарағанды, Астанаға да жақын. Мына жақтан Балқаш, Жезқазғанға да жақын. Өте бір керек, туристік жер болайын деп отыр. Бұл шипалы көл. Емдейді, радон, щелоч, тері ауруынан, суық тимеу үшін балаларға өте қажетті жер. Қазақстандықтар осы жерге келіп демалу керек.

Нұрсұлтан Назарбаев Алакөлдің жағасындағы демалыс орнын өзі аралап көрді. Бұрын Алакөл аса танымал емес еді. Елімізде мұндай демалуға жайлы жердің барын жұрт біле бермейтін. Бірақ, былтырдан бері Алакөлдің жағасына қызыққандардың саны бірден артқан. Тек соңғы бір жылда 600 мың турист келіпті. Жергілікті шенділер биыл 1 миллион адам қонақ болады деп жоспарлап отыр. Қазір Алакөлде сұранысқа сай заманауи қонақүй салынған. Жағалауы шетелдердегі жағажайлардан еш кем емес, барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, Елбасы Үшаралдағы жаңа әуежай, Ақши ауылындағы темір жол вокзалының ғимаратымен де танысты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде