{metadescription}
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлердің тізімі жарияланды
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлердің тізімі жарияланды

Бірақ, бір қызығы көшті Астана да, Алматы да емес, Маңғыстау облысы бастап тұр. Батыстағы бұқараның айлығы қанша? Өзге қалалардағы жағдай қандай?

Жалақы жыл сайын өскенмен, инфляция Том мен Джерий мультфильміндегі тышқандай ұстатпай қашып келеді. Сондықтан көбінің айлығы шайлығына да жетпейді.Ит жылының алғашқы тоқсанын қорытқан сарапшылар, елдегі орташа жалақы көлемі былтырмен салыстырғанда 8,7 пайызға көбейді деген тоқтамға келді. Осылайша қазақстандықтардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құраған. Ал, енді мегаполистегі тұрғынның көзімен есептеп көрейік.

Бір бөлмелі пәтер жалдауға орташа есеппен 80 мың кетеді. Оған коммуналдық қызметті қосыңыз. Көлігі барлар жанармайына жоқ дегенде 20 мыңдай жұмсайды. Азық-түлікке кемі бір айда 50 мың теңге шығындалады. Осының өзіне ғана 150 мың теңге кетеді.

Ал қалған балабақша, баланың керек-жарағы, той-томалаққа беретін ақшаға келгенде тұрғындар әрине тарығады. Сосын амал жоқ, қарыз іздеп сабылады, несиенің ұйығына батады. Айлық пен инфляция арасында тепе-теңдік болмағандықтан жалақыны көтергеннен сеп жоқ дейді экономистер.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Жалпы ішкі өнім 2001 жылдан 2017 жылға дейін 15 есе өсті. Бірақ, табыс, жалақы дәл осы кезде 17 жылдың ішінде 8 есе ғана өсті.  Жалпы ішкі өнімді алғанда табыс мөлшері 30 пайыздың ғана көлемі. Мысалы, көрші елдер Қытайды алсақ, Ресейді алсақ, оларда 47 пайыз. Тіпті, дамыған елді айтпайық, Мексиканы алсақ оларда 38 пайыз. Түркияда 33 пайыз. Сонда бізде ең төменгі деңгейде болып тұр.

Ең жоғары жалақы алатындардың көшін мұнайлы өлке  Маңғыстау облысы бастап тұр. Мұндағы халықтың орташа айлығы 282 мың теңгеге тең. Қазақстанда бекітілген орташа жалақы көлемінен 1,5 есеге көп.Атырау облысы екінші орында. Бір жылда жалақы 9,2 пайызға өсіп, 279 мың теңгеге жетті. Ал, Астана үштікке кіреді. Елордадағы ағайын 223 мың теңгені қанағат тұтады екен. Экономикалық тұрғыда елдің негізгі доноры саналатын Алматы қаласындағы жалақы 187 мың теңге көлемінде.Ең жоғары жалақыны қаржы, сақтандыру саласының мамандары алады екен. Өндіріс саласындағылардың да аузының салымы бар. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде