{metadescription}
Алматыда өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді
Алматыда өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

Алматыда өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

Алматыда оқыс жағдай! Республикалық қан орталығы ғимаратынан өрт шығып, 200-ге жуық адам қызыл жалын құрсауында қалды. 

Осындай сценарий желісімен елдегі үлкен медициналық мекемелердің бірінде арнайы оқу-жаттығу өтті. Нақтырақ айтқанда, 200-ге жуық адам бір сәтте өртпен бетпе-бет келіп, одан аман-есен шығудың амалын жасады. Орталыққа қан тапсыруға келгендер де, ондағы дәрігерлер де айғай-сүреңге салмай, отқа оранған ғимараттан аман шықты. Ал өрт құрсауында қалып кеткендерін құтқарушылар әп-сәтте шығарып алды. Негізі республикалық қан орталығына күнделікті келетін кісі көп. Одан қалды, таптырмас қан ресурсы да осында. Сол себепті де, өртке қарсы оқу-жаттығу мұнда жиі өтіп тұрады екен. 

Санжар Раисов, Республикалық қан орталығы директоры орынбасары:  

- Өздеріңіз куә болдыңыздар, өрт шыққанда ең бастысы дүрлікпеу керек. Тәртіпке сай іс-қимылдар жасаса, бәрі аман қалады. Бұл әрине тек жаттығу. Бірақ, өрт шыға қалғанда да біздің қызметкерлер ережені ұмытпайды деп сенем.

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.