{metadescription}
Шымкентте бұзақылардың Жеңіс мерекесі қарсаңында жасаған әрекеттері көпшілікті шошытты
Шымкентте бұзақылардың Жеңіс мерекесі қарсаңында жасаған әрекеттері көпшілікті шошытты

Шымкентте бұзақылардың Жеңіс мерекесі қарсаңында жасаған әрекеттері көпшілікті шошытты

Олар осындағы қорғасын зауытында оқ құйып, кейін майданға аттанған жандардың құрметіне қойылған мемориалды адам көргісіз қылған.

Бұзақылар 113 адамның аты-жөні жазылған плитаны да күл-талқан етіп сындырудан тайынбапты.  Қорғасын зауыты осыдан 7 жыл бұрын ресми түрде жабылып қалса да, кезінде сол жерден соғысқа аттанған жұмысшылардың туыстары мемориалды өз беттерінше сақтап келген екен. Ал биыл Жеңіс күні майданнан қайтпаған аталарына гүл шоқтарын қоймақ боп келген тұрғындар ескерткіштің жағдайын көріп, шалқаларынан түсті. Бұзақылардың тақталарды сындырғаны өз алдына, мәңгілік алауды да түп-тамырымен жұлып алып кеткен. Жергілікті әкімдіктегілер мемориалды қалыпқа келтіруге қақымыз жоқ деп отыр. Өйткені, оның тұрған жері зауыт иелерінің меншігінде көрінеді. Сондықтан олар қаза болған жауынгерлердің ұрпақтарына Абай атындағы саябақтағы мемориалға баруға кеңес беріпті. Себебі, ол жердегі тізімде де байырғы қорғасыншылардың есімдері жазылған екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде