{metadescription}
Астанада банктер мойнына 62 миллион теңге қарыз іліп қойған қыз жүйке ауруына шалдығып, ауруханада жатыр

Анасының айтуынша, осыншама мол ақшаны студентке туыстары алдап алғызған. Сондықтан, өрімдей қыздың тағдырын ойыншық қылғандар жазасыз қалмауы керек дейді.

Патима Полатбай, зардап шегушінің анасы:

–Жап-жас баланы институтты жаңадан бітіріп жатқан баланың өміріне балта шапты. Өмірін бұзды. Бәріңізде  балаларыңыз бар. Түсініңіздер мені. Себебі менің баламды қазір қор қылып қойды Иманқұлов пен Базарбаева.  Екі жеп, бір биге шықты екеуі. Заң орындары қайда қарап отыр? Менің балама ауыр зардап тигізді. Ауыр қазір науқастан денсаулығы бітті.

Көз жасына ерік берген Патима Полатбайдың айтуынша, 2007 жылы ажырасып кеткен күйеуінің туыстары мына екі қабатты коттеджді қызының атына жазып берген. Себебін, "ажырасып жатқан отбасымыз, дүние-мүлкіміз талан-таражға түспесін" - деп түсіндіріпті. Алайда екі жылдан кейін ерлі-зайыптылардың қулығы әшкере болады. Сөйтсе, әкесінің жақындары  сол кездегі 21 жастағы студент қызды алдап, құжаттарға қол қойдырып, оның атынан екі банктен 62 миллион теңге несие алғаны анықталған. Ал кепілдікке қойылған үйді қайта өз аттарына аудартып алыпты. Десе де арада он жыл өтсе де, қыруар берешек қыздың атында тұр. Зардап шегушінің анасы  туыстарының артында банкте сыбайластарының барына сенімді. Қазір Астананың Ішкі Істер департаменті алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде