{metadescription}
Тұрғындардан ұялған Сапарбаев  қоқысты дереу жоқ қылуға пәрмен берді
Тұрғындардан ұялған Сапарбаев  қоқысты дереу жоқ қылуға пәрмен берді

Тұрғындардан ұялған Сапарбаев қоқысты дереу жоқ қылуға пәрмен берді

Ақтөбеде қоқысқа көмілген қаланы көруге аймақ басшысының өзі шықты. Кабинетінде отырып байқамаса керек, облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев үйілген қалдықты көріп таң қалды. 

 - Бір қоқыс қалмасын. Тазартыңдар. Мынау масқара ғой!

Ақтөбедегі көп қабатты тұрғын үй аулаларында қоқыс бір ай бойы шығарылмаған. Өйткені бірнеше жылдан бері тазалыққа жауап беретін комуналдық мекеме қазынадан бөлінетін ақшаның аздығын айтып қызметін тоқтатыпты. Екінші жекеменшік компания жұмысшыларын таратып жіберген. Қалалық әкімдік ақыры тендер жариялап, он компанияны қоқыс шығаруға жүктейді. Бірақ арнайы көлігі жоқ фирмалардың ісі өнбей жатыр. Контейнерлерді көтеретін көлігі жоқтары Камазбен тасуда. Оның өзінде қалдықтарды жан-жағына шашып кетеді екен. Тұрғындар қоқысты бұлай тазаратқаннан үйіліп тұрғаны жақсы еді деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде