{metadescription}
Жомарт Ертаев  Қазақстанға неге қайтқысы келмейді?
Жомарт Ертаев  Қазақстанға неге қайтқысы келмейді?

Жомарт Ертаев Қазақстанға неге қайтқысы келмейді?

Мәскеуде ұсталған қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуы мүмкін! Мәскеуде қамауға алынған  қашқын банкир азаматтық беру туралы  сотқа  өтініш түсірді. Осыған қарағанда, ол Қазақстанға қалайда оралмаудың қамына кіріскен сияқты.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше,  Мәскеу соты Жомарт Ертаевты 13-інші мамырға дейін қамауда қалдыру туралы шешім шығарған.   Осы уақытқа дейін оның Ресей азаматтығын алу туралы арызы қаралып болуы керек. Бір қызығы, мәскеулік құзырлы  органдардың ұстанымы әртүрлі. Мәселен, прокуратура  соттан Ертаевты 16- маусымға дейін ұстап кейін Қазақстанға экстрадициялауды сұраған. Ал туған жеріне оралған жағдайда Ертаевты ұзақ сот процестері мен 10 жылға дейінгі түрме жазасы күтіп тұр. Айта кетсек, 3 күн бұрын ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған  банкирді  Мәскеудің қақ ортасында арнайы жасақ қолына кісен салған болатын. Кейін еліміздің Ішкі Істер министрлігі 46 жастағы  Жомарт Ертаев РБК банкінің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған тұста өзімен ауыз жаласқан  компанияларға қайтарымсыз несие алып берген деп айыптады. Айыптауға арқау болған сома 26 миллиард  теңгеге жуықтайды.

Кеше

24 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде