Селфи жасаймын деп сәбиден айрылды
Үндістандық әйел отбасылық сурет түсіремін деп, 10 айлық баласын эскалатордан құлатып алған. Анасының қолынан ыршып кеткен қыз оқиға орнында өліп кетті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
14.05.2018
Қайғылы жағдай сауда орталығындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алдымен, баласын көтерген әйел күйеуімен бірге эскалаторға мінеді. Сол жерде ер адам жарынан селфи жасауды өтініпті. Келіншек суретке түсіргелі жатқанда тепе-теңдік сақтай алмай қалған. Сөйтіп, қолындағы сәбиін құлатып алады. Осыдай кейін әбден абдырап қалған ата-ана да, куәгерлер де төменге қарай жүгірген. Бірақ, олар сәбиге еш көмек бере алмады. Өйткені, алған жарақаттары тым ауыр болыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!