{metadescription}
Петропавлда бұрын қорғаныс саласына қызмет еткен зауыттардың бірі өртенді
Петропавлда бұрын қорғаныс саласына қызмет еткен зауыттардың бірі өртенді

Петропавлда бұрын қорғаныс саласына қызмет еткен зауыттардың бірі өртенді

Лезде күш алған от бояу сақтайтын алып цистерналарды да шарпыды. Ал төтенше жағдай қызметіндегілер тез қимылдап, жойқын жарылыстың алдын алды.  

250 шаршы метрге тараған жалынды ауыздықтауға қаланың барлық өрт сөнірушілері мен техникасы жұмылдырылыпты. Түсте тұтанған от кешке қарай  әрең сөндірілді. Мамандар қамыстан шыққан өртке қаңғыбастар кінәлі болуы мүмкін деп отыр. Қаңырап бос тұрған кәсіпорынның аумағынан олар қамыс өртеп, темір-терсек іздейді екен. Кезінде кеңес одағының қорғаныс саласына қызмет еткен зауытта оқшаулағыш материалдар дайындалыпты. Қазір кәсіпорын жұмыс істемейді.  

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Бұл – батпақты жер. Техника кіре алмай қиналдық. Өрттің тез арада  күш алып кеткені де содан. Цистеналарға ұдайы су құйып тұрдық. Әйтпесе, жарылыс болуы да ғажап емес-тін. Оның үстіне сол күні қатты жел тұрды. Цистерналар жарылған жағдайда да көрші ғимараттарды да от шарпуы мүмкін еді.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде