{metadescription}
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің есігіне көлігімен кіріп барған танымал кәсіпкер болып шықты
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің есігіне көлігімен кіріп барған танымал кәсіпкер болып шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің есігіне көлігімен кіріп барған танымал кәсіпкер болып шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының есігін быт-шытын шығарған тұрғынның кім екені белгілі болды. 53 жастағы кәсіпкер Бауыржан Анапин көлігінің артымен әкімдікке кіріп кеткен.

Nissan Patrolды тізгіндеген оның бұл қылығына жұрт таң қалып отыр. Өйткені, әкімдік алдындағы тас баспалдақтан көлікпен көтерілуге кез келген жүргізушінің әлі келмейді. Полицейлердің айтуынша, құрылыс саласында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен сол күні мас болыпты. Абырой болғанда әкімдік есігінің алдында ешкім болмаған. Енді кәсіпкер алдымен көлікті арақ ішіп айдағаны үшін әкімшілік жазаға тартылады. Одан соң өзгенің мүлкін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті де қоса арқалайды. Бірақ облыстық әкімдіктегілер ол қиратқан есіктің құнын айта алмай отыр. Әйтеуір, сол бойда басқа ағаш есік орнатып үлгерген.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Автокөлікті 53 жастағы тұрғын басқарған. Бұрын ол әкімшілік жазаға тартылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.