{metadescription}
Семейде үйлерін тасқын шайған жұрт шу шығарды
Семейде үйлерін тасқын шайған жұрт шу шығарды

Семейде үйлерін тасқын шайған жұрт шу шығарды

Семейде көктемгі тасқын шайған Затон кенті тұрғындарының атқамінерлерге өкпесі қара қазандай. Жұрттың айтуынша, жергілікті биліктен ешқандай қайыр болмай тұр. Олар құрылған арнайы комиссияның шығарған шешіміне де разы емес. Себебі, сарапшылар жарамсыз боп қалған баспаналарды тым арзанға бағалаған .

Қызылсу шайғалы екі айға жуық уақыт өтсе де, зардап шеккендерге әлі көк тиын төленбепті. Ал Затон кентінде жарамсыз боп қалған баспаналардың саны артып жатыр. Тіпті, кейбіреуінің қабырғасы қақырап құлаудың аз-ақ алдында тұр.

Бірақ, жұрт арнайы комиссияның мұндай үйлерге қатысты дұрыс шешім шығармағанын айтады. Мысалы, бүгінде мына шлактан тұрғызылған баспананың қабырғасы үгітіліп, дала көрініп қалған. Алайда оны комиссия мүшелері  1 млн 340 мың теңгеге бағалап қойыпты. Ал қожайын бұл сома қайтадан баспана тұрғызуға жетпейді деп отыр.

Ләйлә Құнанбаева, Семей қаласының тұрғыны:  

- Қайтадан комиссия жіберуін сұрадым. Олар түк өзгеріс болмайды деп отыр. Тек сотпен шешіңдер деді. Біз мемлекетпен қалай соттасамыз? Ол мүмкін бе, оған қанша жүгіру керек.

Ал, бүгінде тұрғындардың бүлінген дүние-мүліктері тасада қалған көрінеді. Айтуларынша, суға кеткен тұрмыстық техникаларды қалыпқа келтіру жұмбақ күйде тұрса, атқамінерлер құлаған қора-қопсыларына өтемақы төленбейтінін ашық айтыпты. Жұрт шенеуніктерді тасқын басылғаннан кейін көрмегендерін алға тартуда. Тіпті, олар хәлімізді сұрап та келмеді, дейді. Сондықтан тасқынның зардабын жоюуға тұрғындардың кейбіреуі өздері кірісіп кетен. Ең өкініштісі, оларға жергілікті атқамінерлер елміздің әр өңірінен келген гуманитарлық көмекті таратып бермеген екен.

Толқын Алпысбаев, Семей қаласының тұрғыны:  

- Міне, камаздар Ақсуаттан, Тарбағатайдан келіп жатыр. Біз ешқандай көмек алып жатқан жоқпыз.

Бүгінде жұрттың басым бөлігі баспаналарына әлі оралмаған. Олар жергілікті билік берген жатаханаларды паналауда. Өйткені, дым тартқан қабырғаларды кептіру мүмкін емес екен. Ал, дүние- мүліктері далада шышылып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.