{metadescription}
​Қасиетті Рамазан айының басталу күні өзгерді
​Қасиетті Рамазан айының басталу күні өзгерді

​Қасиетті Рамазан айының басталу күні өзгерді

Ораза тұтатын жамағат мамырдың 16-ы кешке ниет етіп, 17-і таңсәріде ауыз бекітуі тиіс. Бүгін Діни басқарма осындай ресми мәлімдеме жасады.

Қазірден бастап еліміздегі Алла үйлерінде оразаның сауабы мен оны ұстаудың тәртіптері түсіндіріліп жатыр. Бес парыздың біріне жататын оразаны өтеген адамның шексіз мейірімге бөленері хақ. Ауыз бекіткендер тамақ пен судан бас тартып қана қоймай, тілі мен көзін тыяды.Жаман әдеттерден ада болуы тиіс. Құран түскен қасиетті айда тозақ есіктері жабылып, құлшылық қылған қауымның тілектері қабыл болады. Ал маусымның 11-нен 12-не қараған түні күллі мұсылман кірпік ілмей, мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады. Ал 15-ші маусым күні ауыз бекіткен ағайын туған-туысты аралап, Ораза-айтты тойлайды. Биыл пітір-садақа жан басына 300 теңге деп бекітілген. 29 күнге созылатын қасиетті ай 14 маусымда аяқталады. Сауап еселеп жазылатын ұлық айда бас муфти халықты қайырымдылық іс-шараларға ат салысуға шақырды.

Серікбай қажы ОРАЗ, Бас мүфти:

-Рамазан айының құрметіне! Қолдарынан қандай мүмкіндік келеді. Азық-түлік яки болмаса басқа да тауарлардың бағасын төмендетуге, мұң-мұқтаж жандарға көмектесуге шақырамын. Қамқорлығымызға мұқтаж болған адамдарға көмектесуге үндейміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.