{metadescription}
Ақтөбе іргесіндегі ауылда бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады
Ақтөбе іргесіндегі ауылда бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады

Ақтөбе іргесіндегі ауылда бүтін бір отбасы тірідей жанып кете жаздады

Түс кезінде ұйықтап жатқан олар оттың қалай тұтанғанын байқамаған. Көк түтінді көрген көршілері іштегілерді терезеден шығарыпты. Үй иесі, мүгедек зейнеткер ыс тиіп, әйелі екеуі ауруханада жатыр.

Қурайлы ауылында тұратын Сарбековтер әулетін былтырдан бері қырсық айналдырып жүр. Тасқын кезінде шаңырақтарын су шайып, кейін әкімдік берген жерге асарлатып үй тұрғызған еді. Жаңа қоныстарына кіргендеріне жарты жыл өтпей жатып тағы да далада қалды. Баспанасы өртеніп, түгі қалмаған.

Өрт шыққанда үйде ерлі-зайыпты зейнеткер болыпты. Олар түс кезінде немелерін ұйықтатып, демалып жатқан. Оттың қалай тұтанғанын байқамапты да. Тек сол маңда құрылыс салып жатқан көршілері көк түтінді көріп жүгіреді. Үйдегілерді терезеден шығарып алады.

Ақсұлу Айдосова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Төртеуі түсте ұйықтап жатқан ғой. Түсінбей жатқан үй жанғанын. Көршілер келген. Ұй салып жатқан көршілерқұтқарған. Терезені сындырып, терезеден алып шыққан. Мына есік ашылмай қалған. Ыстыққа қысып тастаған болып тұр ғой.   

Ыс тиген зейнеткер кемпірімен ауруханада жатыр. Өрт кезінде шошынып қалған қарттардың қан қысымы да көтеріліп кетіпті. Олар есін жиып, денсаулықтары түзелген соң далада қалдырмаймыз дейді ауыл әкімі.

Мақпал Тұрмағанбетова, Қурайлы ауылдық аймағының әкімі:

-Екі бөлмелі пәтерді жалға алып отырмыз. Пәтер ақысын өзіміз төлейміз деп отырмыз. Техника жағынан болсын, құрылыс материалдар жағынан болсын көмектесуге тырысамыз. Бірақ бұл жағдайда бюджеттен қаражат қарастырылады деп ай тпаймыз.      

-Енді өртенген үй орнына қайта баспана тұрғызу үшін Сарбековтер елден көмек сұрауға мәжбүр. Себебі шенеуніктер қазірдің өзінде қазынадан ақша бөлінбейтінін кесіп айтып отыр. Сондықтан жұрттан жылу жинаудан басқа амалдары жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.