{metadescription}
Ақпарат министрі Астананың тойына бөлінетін қаржыға қатысты дауға пікір білдірді
Ақпарат министрі Астананың тойына бөлінетін қаржыға қатысты дауға пікір білдірді

Ақпарат министрі Астананың тойына бөлінетін қаржыға қатысты дауға пікір білдірді

Үкімет Астананың 20 жылдығына бөлінген 19 миллиард теңгені «тым көп» деп сынағандарға жауап берді. Елорданың мерейтойы шенеуніктерге емес, халық үшін жасалады деген Ақпарат министрі бөлінген ақша маңызды мерекеге сай деп басу айтып отыр.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

-Астана - елiмiздiң бетке ұстар қаласы, тәуелсiздiгiмiздiң бейнесi. Сондықтан 20-жылдық мерейтойды халық арасында жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Әрі мерекеге бөлінген 19 миллиард тек республикалық бюджеттің ақшасы емес. Оның басым бөлігін демеушілер мен бiрнеше мемлекеттiк мекемелер берген. Сондықтан ақша көбi айтып жүргендей несиеге алынған жоқ. 

Сондықтан Дәурен Абаев бас қаланың туған күніне бөлінген ақшаға аса көңіл бөлмеуге кеңес берді. Өйткені, түрлі мерекелік шараларға жұмсалатын миллиардтар кейін, Астананың тұрғындары мен қонақтары үшін көп пайдасын тигізеді екен. Айта кетейік, бұған дейін тойға бөлінген ақшаның көлемі сенаторлардың жағасын ұстатқан. Депутаттар 19 миллиардты желге шашпай, орнына аурухана мен мектеп және балабақша салуға болатынын айтқан. Бірақ, не дегенмен, мерейтойға бөлінген қаржығА  жылдың соңына дейін 85-тен астам түрлі мерекелік шара өтпекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде