{metadescription}
Павлодарда тұрғындар сусыз қалды
Павлодарда тұрғындар сусыз қалды

Павлодарда тұрғындар сусыз қалды

Павлодарда су құбыры жарылып, төңірек будан тұманданып кетті. Көше қиылысында аспанға атқылаған ыстық су сол маңдағы көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салды.

Оқиға түске таман облыстық аурухана маңында болған. Тасқындай тулаған ыстық суды көрген сол жердегі көлік иелері біраз әбігерге түскендерімен көшеде пайда болған «бұрқақты» видеоға жарыса түсіріп жатыр. Ал жолға жайылған суды мұнда жеткен жауапты компания қызметкерлері тоқтатты. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Ал апаттың өзі жылу жүйесін жоғары қысыммен су жіберіп сынау кезінде болған. Тексеру шараларына байланысты қазір шаһардың бірнеше ауданының тұрғындары ыстық сусыз отыруға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде