Ішкі істер министрлігі Qazaq банкінің ірі акционері Бақыт Ибрагимнің ұсталғанын растады. Ұлттық интерпол бюросының жолдаған сұранысына сай, немістер оны сәуірдің 23-і күні ұстаған. Қазақстан қор биржасының мәліметіне сенсек, Бақыт Жасұзақұлы қазіргі уақытта банк акцияларының 10,55 пайызына соған...
Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды
Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Ішкі істер министрлігі Qazaq банкінің ірі акционері Бақыт Ибрагимнің ұсталғанын растады. Ұлттық интерпол бюросының жолдаған сұранысына сай, немістер оны сәуірдің 23-і күні ұстаған. Қазақстан қор биржасының мәліметіне сенсек, Бақыт Жасұзақұлы қазіргі уақытта банк акцияларының 10,55 пайызына соған тиесілі. Өзі де былтырға дейін осы қаржы ұйымын басқарып келген.

Qazaq банкі өткен айда Елбасының сынына ұшыраған үш банктің бірі болатын. 2013-2016 жылдар аралығында таратқан несиелері қайтарылмай, былтыр қаржы институты табыстан қағыла бастаған. Ал сәуірдің 28-і күні Ұлттық банк онда жеке тұлғалар үшін есепшоттар мен депозиттер ашуды екі айға шектеп тастады.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...