Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот процесі басталды. Қылмыстық істі үш бірдей судья қарап жатыр. Экс-министрдің адвокаттары бүгін 10-ға жуық арыз-талап ұсынып, Бишімбаевтың сотқа қатысуына рұқсат берулерін сұрады.
Бишімбаев өзін аппеляциялық сотқа қатыстыруды талап етті

Әзірге апеллциялық сот сотталушылардың қатысуынсыз өтуде. Бірақ, изоляторда отырған бұрыңғы министр мен сыбайластары кінәсіз екенін дәлелдеу үшін ұсынар айғақтары бар екен. Сол үшін қорғаушылар олардың да процеске қатысқанын қалап отыр. Әзірге судья адвокаттардың бұл өтінішіне қатысты шешім шығарған жоқ. Үзіліс жарияланған тыңдалым сәлден кейін қайта жалғасады. Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев ірі көлемде пара алып, бюджеттің 1 миллиардтан астам ақшасын жымқырды деген айыппен екі ай бұрын 10 жылға сотталған болатын. Экс-шенеунікпен бірге «Бәйтерек» холдингінің бұрыңғы топ-менеджерлері мен бизнесмендер бар.

Бишімбаевтың әйелі болса, апелляциялық сот барысында күйеуіне қатысты үкімнің өзгереріне сенімді. 

НАЗЫМ БИШІМБАЕВА , Қ.БИШІМБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ:

-Күйеуіммен дүйсенбі күні кездестім. Қатты уайымдап отыр. Сотқа айтары бар. Барлық арыз-шағымын жазып қойған. Егер оған прцеске қатысуға рұқсат бермесе, жазғанын өзім оқимын.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...