{metadescription}
Алматыда үйлері өртенген тұрғындар кісі есігінде күнелтуге мәжбүр
Алматыда үйлері өртенген тұрғындар кісі есігінде күнелтуге мәжбүр

Алматыда үйлері өртенген тұрғындар кісі есігінде күнелтуге мәжбүр

Алматыдағы «Көкжиек» ықшамауданындағы алапат өрт, тұтанған сіріңке немесе темекі шоғынан тараған. Полицейлер осындай байламға тоқтады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-Аталмыш қылмыстық іс анықтау басқармасында тергелуде.  Қазіргі таңда өрт техникалық сараптаманың негізіне сәйкес, бұл өрт қандай да бір ашық оттың салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда анықтау басқармасымен тиісті басқа да сараптамалар жүргізілуде. Тергеу жалғасуда.

Бір айдан астам уақыт бұрын  «Көкжиектегі» көпқабатты тұрғын үй отқа оранып, мансард үлгісіндегі 6-шы қабат түгелдей өртеніп кетті. Тілсіз жау мың шаршы метр аумақты жалмаған. Қазір жалын шарпыған үйдің  шатыры жабылып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілгенмен, тұрғындар әлі баспаналарына кірген жоқ. Себебі, пәтерлерді ішкі жөндеу жұмыстары қашан басталып, қашан аяқталатыны белгісіз. Ал, жергілікті әкімдік далада қаңғып қалған 8 отбасыға осымен екінші ай қатарынан пәтер жалдап беруге мәжбүр.

Кеше

20 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде