Петропавлда 14 жастағы ұлының көпшілік орында пісте шаққаны үшін ата –анасына 17 мың теңгеден айыппұл арқалады. Мұны заңсыз деп есептеген олар соттасып жатыр. Аудандық , облыстық сотта   Даниил Шалашовтың әкесі жеңіліп, енді айыппұлын төлейтін болыпты.
Петропавлда пісте шаққан оқушылар шатылып жатыр
Петропавлда пісте шаққан оқушылар шатылып жатыр

Петропавлда пісте шаққан оқушылар шатылып жатыр

Петропавлда 14 жастағы ұлының көпшілік орында пісте шаққаны үшін ата –анасына 17 мың теңгеден айыппұл арқалады. Мұны заңсыз деп есептеген олар соттасып жатыр. Аудандық , облыстық сотта   Даниил Шалашовтың әкесі жеңіліп, енді айыппұлын төлейтін болыпты. Ал еш жерде жұмыс істемейтін анасы ұлымның жасаған бір заң бұзушылығы үшін неге тағы 17 мың теңге төлеуім керек деп шырылдайды.   

Аудан орталығына медициналық тексеруден өтуге барған  4 жасөсіпірім аурухана маңында пісте шағып тұрыпты. Мұны байқаған учаскелік инспектор олардың төртеуіне де хаттама толтырып, айыппұл салған.

Даниил Шалашов, 8 сынып оқушысы:

-Біз полицейден кешірім сұрадық. Тіпті бүлдірген жерді сыпырып берейік деп те өтіндік. Бұдан әрі көшеде пісте шақпаймыз деп те жалындық. Ол бізді тыңдағысы келмеді.

Алайда айыппұл арқалаған сол төртеудің арасынан  тек 14 жастағы Даниил Шалашовты ғана ата-анасы бірге тәрбиелеп отыр екен. Қалғандарының тек шешелері ғана  болғандықтан, оларға бір-бірден ғана айыппұл салыныпты. 

Наталья Сергеева,  анасы:

-Менің түсінбейтінім, неге бір заң бұзушылық үшін екі рет жауап беруіміз керек. Әкесі де, шешесі де айыппұл арқалайды деген не сұмдық? Учаскелік инспектор хаттаманы куәгерлерсіз және  балалардың ата-аналарынсыз  толтырған. Тіпті ол жерде мектептің әлеуметтік педагогы  да болмаған.

Даниилдың ата-анасы учаскелік инспектордың іс-әрекеті заңсыз  және екі бірдей айыппұл төлеуге қарсымыз деп  аудандық сотқа қос бірдей шағым түсірген. Сот екеуін де қанағаттандырмай тастапты. Олардың ісін жеке- жеке қарап жатқан облыстық сот өткен аптада ғана баланың әкесі айыппұлды төлесін деген шешім шығарған. Анасының сотына келген қорғаушы да істе бірқатар заң бұзушылықтар бар дегенді алға тартты.

Александр Гордеюк, адвокат:

-Аудандық ауруханада бақылау камерасы бар. Тәртіп сақшылары оның жазбасын алдырмаған. Оның үстіне хаттама толтырғанда баланың жанында ата-анасы, не заңды қорғаушысы болуы шарт еді. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылық орын алған және хаттама толтырылған күндер де әртүрлі. Жалпы, былық көп. 

Облыстық сотқа түскен апелляциялық  шағымды қарап жатқан судья  куәгерлерді қайта тергеп, іста қайта қарамақшы екен.

-Мамандар бұл жағдай заңның солқылдақ тұсына байланысты болды деп отыр. Олардың айтуынша, заңда  кәмелетке толмаған бала тәртіп бұзса, әке-шешесіне айыппұл салынсын деген бап қарастырылған. Бірақ құқықтық құжаттың әрбір қарпін тура түсінетін тәртіп сақшылары оқушының әкесіне де, шешесіне де айыппұл салған. Бұл істің немен бітері алдағы күндері белгілі болады.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.