Аспаздар ойраны! Көкшетауда көше шамдарын сындырды деген күдікпен  3 азамат  ұсталды.18 және 25 жас аралығындағы жігіттер қаладағы мейрамханалардың бірінде аспаз екен. Қала ортасындағы Абылайхан даңғылында самаладай жарқырап айналаға жарық беріп тұрған шамдардан түк қалмаған.
Көкшетауда аспаздар шамдарды қиратқан
Көкшетауда аспаздар шамдарды қиратқан

Көкшетауда аспаздар шамдарды қиратқан

Аспаздар ойраны! Көкшетауда көше шамдарын сындырды деген күдікпен  3 азамат  ұсталды.18 және 25 жас аралығындағы жігіттер қаладағы мейрамханалардың бірінде аспаз екен. 

Қала ортасындағы Абылайхан даңғылында самаладай жарқырап айналаға жарық беріп тұрған шамдардан түк қалмаған. Жолаушылар жүретін жол жиегіндегі көше шамдары түн ішінде мейрамханадан көңілді шыққан жігіттердің көзіне күйік болып көрінсе керек. Содан олар 14 шырақты талқандапты. Түн ішінде көшеде ойран салып, тас лақтырып жүрген жігіттерді көрген қала тұрғыны полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары бұзақылық жасағандарды бірден анықтады. Ұсталғандар кінәларын мойындап отыр.

күдікті:

-Жұмыстан соң достарыммен аздап арақ іштік. Үйге бара жатып көзімізге көше шамдары түсті. Соларды бірінен соң бірін сындырдық. Бұған өкінемін. Шығынды төлеуге әзірмін.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...