Бұған марқұмдардың туыстары наразылық білдіруде. 10 күн бұрын Павлодар-Қызылорда тас жолында болған жол апатынан ерлі-зайыптылармен бірге олардың сәбиі көз жұмған болатын. Марқұм Дмитрий Парфенов пен Галина Князева ұлдарымен  сол күні Астанадан Павлодарға қонаққа бара жатқан.
​Павлодарда бір отбасының өліміне себепкер болған жүргізуші кепілдікке ақша беріп бостандыққа шықты
​Павлодарда бір отбасының өліміне себепкер болған жүргізуші кепілдікке ақша беріп бостандыққа шықты

​Павлодарда бір отбасының өліміне себепкер болған жүргізуші кепілдікке ақша беріп бостандыққа шықты

Бұған марқұмдардың туыстары наразылық білдіруде. 10 күн бұрын Павлодар-Қызылорда тас жолында болған жол апатынан ерлі-зайыптылармен бірге олардың сәбиі көз жұмған болатын.

Марқұм Дмитрий Парфенов пен Галина Князева ұлдарымен  сол күні Астанадан Павлодарға қонаққа бара жатқан. Қарсы бағытқа шығып кеткен Toyota ерлі-зайыптылардың көлігіне кеп соғылады. Салдарынан рөлді тізгіндеген 41 жастағы ер адам мен оның 36 жастағы әйелі, сондай-ақ, олардың 2 айлық ұлы көз жұмған еді. Полицейлер жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісінің ішімдіктен ұрттап алғанын анықтаған. Сөйтіп, 60 –ты алқымдаған азамат қамауға алынды. Енді ол 1 миллион 200 мың теңге кепілақы беріп бостандыққа шығып отыр. Ал марқұмдардың туыстары прокуратураға соттың бұл шешіміне қарсы шағым жолдаған. 

Елена Парфенова, марқұм Д.Парфеновтың қарындасы:

– Үш бірдей адамды өліміне себепкер болған адамды қалай босатуға болады, осыны түсіне алар емеспіз. Ол менің ағамды, жеңгемді, кішкентай інімді өлтіріп, ақша беріп, түк болмағандай үйінде жатыр. Бір де бір жері зақым көрмеген. Бұған қоса, араққа тойып алған. Бұл істі соңына дейін жеткізбей қоймаймыз.

Вчера6

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...