Дәрі-дәрмек делдалдарына тықыр таяды. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде сатылатын барлық препараттың бағасын бақылауға алып, алып-сатарларды тексеруге кіріспек. Өйткені, делдалдар қанағат дегенді ұмытқан.Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:-Астана, Алматы қалаларында бөлшек...
Біртанов делдалдарға қарсы ауқымды күрес жариялады
Біртанов делдалдарға қарсы ауқымды күрес жариялады

Біртанов делдалдарға қарсы ауқымды күрес жариялады

Дәрі-дәрмек делдалдарына тықыр таяды. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде сатылатын барлық препараттың бағасын бақылауға алып, алып-сатарларды тексеруге кіріспек. Өйткені, делдалдар қанағат дегенді ұмытқан.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Астана, Алматы қалаларында бөлшек сауда дәріханаларда бір дәрінің бағасының айырмашылығы 100  пайыздан асып кеткенін көрсетті. Мысалы, кетарол препаратының ең төменгі 230 теңге болса, ең жоғары бағасы 500 теңге құрады. Бөлшек сауда сегментінде 30 пайыздан бастап кейбір препаратқа 300 пайыздан асқан.

Бүгін Мәжіліс арнайы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Біртанов осы заңға сүйеніп көтерме және бөлшек сауданы өзі қатаң қадағаламақ. Қазір елімізде тек тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрі-дәрмектің бағасы бақылауда. Құжат күшіне енген соң, барлық препараттың шектік құны белгіленеді де, ол Денсаулық сақтау министрілгінің сайтында жарияланады. Мәселен, ең қымбат дәрінің үстеме бағасы 10 пайыздан аспауы тиіс. Шенеуніктер бағаны негізсіз көтерген дәріхана жайлы хабаралу үшін арнайы телефонды да іске қоспақ.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.