{metadescription}
Жамбыл облысында қырым қанды безгегін жұқтырған келіншек ауруханаға түсті
Жамбыл облысында қырым қанды безгегін жұқтырған келіншек ауруханаға түсті

Жамбыл облысында қырым қанды безгегін жұқтырған келіншек ауруханаға түсті

Қауіпті кеселмен жатқызылған Сарысу ауданының тұрғыны жақындарын аяғынан тік тұрғызған. Өйткені науқас өте ауыр жағдайда болыпты. 

29 жастағы келіншектің дартімен алысқан ақ халаттылар  әзер дегенде бетін бері қаратқан. Сырқаттың дер кезінде дәрігерлерге қаралуы да абырой болды. Оны нақты қай жерінен, қай жерде кене шаққаны белгісіз. Үйінде мал ұстағандықтан, сол төрт түліктің бірінен тараған болуы ықтимал. Осы оқиғадан кейін қора-қопсы түгел залалсыздандырылған. Бұл – Сарысуда биылдыққа осымен екінші рет тіркелген жағдай. Өткен айда 11 жастағы бала кесел жұқтырып әзер аяғына тұрған. Ал былтыр Байзақ ауданында 39 жастағы бес баланың анасын кене шағып ажал құшқан еді. Жалпы, Жамбыл өңіріндегі бес аудан мен Тараз қаласында конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошағы бар. Ал соңғы ауырған әйелдің жағдайы дұрысталып келеді. 

Күмісбек Рахимов, Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Қазіргі таңда жағдайы бір қалыпты. Қызуы төмен түскен. Толық көлемде емін алып жатыр.  Қазір ол Сарысу аудандық инфекциялық бөлімде жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.