{metadescription}
Әлем кинематографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова туралы әкесі айтып берді
Әлем кинематографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова туралы әкесі айтып берді

Әлем кинематографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова туралы әкесі айтып берді

Әлем кинематографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова кезінде журналист болғысы келген екен. Алайда бір балы ғана жетпей, жолы болмаған ол Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры жанынан ашылған актерлік шеберлік курстарына амалдың жоғынан бара салған. Енді міне, оның сомдаған басты рөліне Канн фестивалінде  әлемдік  кино майталмандарының өздері аяқтарынан тік тұрып қол шапалақтады.

Шымкенттің тумасы, режиссер Сергей Дворцевой мен Самал Есләмованың бұл Канндағы екінші жеңісі. Осыдан он жыл бұрын Самал басты рөлді ойнаған «Тюльпан» фильмі де бір  аталым бойынша жеңімпаз атанған еді. Араға он жыл салып мұндай құрметке оның «Айка» атты туындысы да лайық деп танылды. Самал онда Мәскеуге келген гасторбайтер қырғыз қызын сомдайды. Жат елде баласын босанған кейіпкердің тағдыры қазылар алқасын бейжай қалдырмады. Бірден  «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша бас жүлдені берді. 34 жастағы Самал Есләмова Солтүстік Қазақстандағы Аралағаш ауылында туып өскен. Мектеп бітірген соң әкесі оны қалаға журналистика факультетіне түсіруге әкелген екен. Жолы болмай, жергілікті театрға бас сұққан. Кейін Самал Мәскеудегі  ГИТИС-ты тәмамдап, режиссер Сергей Дворцевоймен жұмыс істей бастайды. Оның ата- анасы Петропавл қаласына бір бөлмелі пәтерге ауылдан жуырда көшіп келген. Бақыттан басы айналған Ілияс пен Гүлмайраны көрші-қолаңмен бірге облыс атқамінерлері де құттықтады.

Ілияс Есләмов, Самал Есләмованың әкесі:    

-Ел-жұртымыз қуанып жатқанда , бүкіл халқымызға ризамыз. Біздің ғана қызымыз  емес, осы облыстың районның, Аралағаштың қызы. Сондықтан біз қуаныштымыз. Бүкіл жұртқа ризамыз.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.