{metadescription}
Петропавлда қоқыс алаңы бірнеше күннен бері өртеніп жатыр
Петропавлда қоқыс алаңы бірнеше күннен бері өртеніп жатыр

Петропавлда қоқыс алаңы бірнеше күннен бері өртеніп жатыр

Петропавлда қоқыс алаңы бірнеше күннен бері өртеніп жатыр. Мамандардың айтуынша, жылда көктемде қайталанатын бұл құбылыс қалдық төгу технологиясының сақталмауынан болады. Ал оны ендіру үшін кәсіпорынға бір жарым миллиард теңге керек. Бюджетте мұндай қаржының жоқтығынан сол маңдағы тұрғындар түтінге тұншығып, ауру тапқан.

Талап бойынша, қоқыстың  бір қабатының үстіне бір қабат инерттік материалдар, мысалы, топырақ төгіліп тұруы тиіс. Мұнда сондай материал алатын карьер бөлінгенімен, кәсіпорынның оны игеріп, таситын мүмкіндігі жоқ . Оған қажетті бір жарым миллиард теңге бюджетте қарастырылмаған. Салдарынан қыс бойы қар астында шіріген қоқыстан арнайы газ бөлініп, ол жылда көктемде өртенеді. Өрт аумағы – 3-4  гектар жер. Оны ауыздықтауға қаланың өрт сөндірушілері де қауқарсыз. Енді бұл мәселе осы маңдағы тұрғындардың бас ауруына айналған. Қара күзге дейін бықсыған ауа жұтамыз ба деген олар жан-жаққа шағымданғанымен, онысынан нәтиже шықпай жатыр. 

Азамат Бектасов,СҚО қоршаған ортаны қорғау  департаменті басшысының орынбасары:

-Сол бүкіл арыздар бойнша жылда жоспардан тыс тексеріс ашамыз. Тексерістің барысында сол полигонның жануы анықталады. Заң бұзушылық үшін айыппұлдар салынады және нұсқамалар беріледі. Осы бұзушылықты жою үшін. Бірақ сол нұсқамалар орындалмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.