{metadescription}
Семейдегі алапат өрт темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін
Семейдегі алапат өрт темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін

Семейдегі алапат өрт темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін

Семейде қарағайлы орманда болған алапат өрт әрең ауыздықталды. Тіпті, күш алған қызыл жалын Қызыл Кардон ықшамауданындағы үйлерді де шарпи жаздаған.

Кеше түскі уақытта тұтанған өрт 350 адамға да бой бермеді. Олар алты сағат бойы әрекет еткенімен, жасыл желекті аумақтың 300 гектары тұтастай жанып кетті. Ал өрттің өрши түсуіне қатты жел себеп болған. Сондықтан оны ауыздықтауға жергілікті өртке қарсы қызметпен қоса орман шаруашылығының өкілдері де жұмылдырылып, арнайы техника жеткізілді.  Тіпті, өрт үйлерге қарай бағыт алғандықтан, үш тікұшақ әуеден су шашып тұрған. Аброй болғанда, қызыл жалынан зардап шеккендер жоқ. Ал мамандар өрттің шығуына тұрғындар кінәлі деп отыр. 

Мұрат Дәулетов, «Семей орманы» табиғи резерватының бас директоры:

-Бұл темекі тұқылын сөндірмегеннен болуы мүмкін. Сонымен қатар, ойнап жүрген балалар тұтатып жіберген бе деп те топшыладық. Өйткені өрт бір мезетте үш жерден тұтанды. Сондықтан бұны қасақана іс деп те есептейміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде