{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда дендеген минингитке қатысты мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда дендеген минингитке қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда дендеген минингитке қатысты мәлімдеме жасады

Менингитке байланысты Денсаулық сақтау министрлігіндегілер халықты сабырға шақырды. Алматылықтарды тыныштандыруға тырысқан Алексей Цой жағдайдың бақылауда екенін айтып, сендіріп бақты.     

Министр орынбасарының пікірінше, жағдайды жұрттың өзі ушықтырып отыр. Әлеуметтік желілерде түрлі алып-қашпа әңгімелерді таратып, жұрттың одан сайын үрейін алып жатыр екен. Ал, шын мәнісінде, менингит дендемеген. Әзірге дерттің белгілері тек 21 науқаста анықталған. Ал осыдан үші жыл бұрын 66 адам ауырып, емделіп шыққан екен. Сондықтан да, артық дабыра қылудың қажеті жоқ деді вице-министр. Ал аурудың өршуіне ауа-райы себеп болған екен. Күннің біресе жылынып, біресе суытуы қауіпті таяқшалардың күрт тарауына әкелген. Осылайша, көктемді айыптаған министрлік дәрігерге дер кезінде көрінуге кеңес берді. Естеріңізге салсақ, осы ауыр сырқаттан Алматыда 3 адам көз жұмды. Оның біреуі бала. Тағы 18 адам ауруханада қатаң бақылауда жатыр. Қауіпті дертті жұқтырғандардың төртеуі Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Қорқатың дәнеңе жоқ. Жағдай қалыпты. Менингит белгілері әр үш жыл сайын шығып тұрады. 2014 жылы 66 адам ауырған. Сондықтан, қазір дабыра қылудың қажеті жоқ. Егер ыстығыңыз көтеріліп, басының айналған болса, бірден дәрігерге көрініңіз. Ең бастысы, аурудың алдын алу. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде