{metadescription}
Тікелей эфир: Атырауда лифт шахтасына құлап көз жұмғандар жайлы куәгерлер айтып берді
Тікелей эфир: Атырауда лифт шахтасына құлап көз жұмғандар жайлы куәгерлер айтып берді

Тікелей эфир: Атырауда лифт шахтасына құлап көз жұмғандар жайлы куәгерлер айтып берді

Атырауда сұмдық оқиға! Мұнда екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдегі жеделсатының шахтасына түсіп кетіп, қаза тапты. Бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Оқиға бүгін түнгі он шамасында 16 қабатты тұрғын үйде болды. 2003 жылы туған екі жасөспірім 15-ші қабаттағы жүк таситын жеделсатының шахтасына ойнап жүріп, абайсызда түсіп кеткен. Жеделсатының өзі 2012 жылы алынып тасталған, есігі жабық болған. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған балалардың бірі осы үйде тұратын тумаларына қонаққа келген. Болжам бойынша, 15-ші қабатта жүрген  балалар жабық тұрған жеделсатының есігін өз беттерінше ашыпты.

Шынар Дүйсенғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Есікті ашсам, бір орыс келіншек помогите деп, көршілер де келген. Мен мына жерде уже алып жатыр. Мен есікті қайтадан жаптым ананы көре алмай, екі баланы шығарған уже, екі бала ол кезде тірі болды. Одан кейін скорый шақырдық, келіп болмады, линия занят болды.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бірі жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Екеуі де бастан қатты соққы алған, омыртқалары және мойын омыртқалары сыныпты.

Бұл үйлердегі жеделсатыларға алматылық «Каспий лифт» мекемесі жауапты. Бірақ олардың өкілдерін немесе кеңсесін Атыраудан табу әзірге мүмкін болмады. Дегенмен, әкімдіктегілер оларды жедел шақыртып жатырмыз дейді.

Талғар Хабибуллин, Атырау қалалық әкімдігінің бөлім басшысы:

-Жалпы, 19 үйге байланысты «Каспий лифт» мекемесімен әрбір тұрғын жеке-жеке келісім-шартқа отырғызылған. Хабарласып, сөйлесіп жатырмыз, қазір сағат 4-те жиналыс осы жөнінде.

Құқық қорғау органдары да әзірге толыққанды ресми ақпарат таратпай отыр. Дегенмен, телефон арқылы тілдескенімізде олар кімді қандай бап бойынша жауапқа тарту жағын ақылдасып жатқандарын айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.