{metadescription}
Алматы облысында 6 елдің арнайы жасағы бейбіт тұрғындарды құтқарды
Алматы облысында 6 елдің арнайы жасағы бейбіт тұрғындарды құтқарды

Алматы облысында 6 елдің арнайы жасағы бейбіт тұрғындарды құтқарды

Бүгін Алматы облысындағы Ұлттық Ұланның сынақ алаңында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің әскери күштері бірлесіп, дайындықтарын пысықтады. 6 елдің арнайы бітімгерлік жасағы лаңкестік топтарды құрықтаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Бейбіт тұрғындарды басып алған бүлікшілер де оңайшылықпен берілген жоқ. Арты қарулы қақтығысқа айналғанымен сценарий бойынша тұрғындардың барлығы дер кезінде құтқарылды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің күштік құрылымдары төрт көз түгел Ұлттық Ұланның арнайы дайындық орталығында бас қосып, сырттан келген жауға бірлесе қарсы тұрды. Сценарий бойынша бір топ лаңкес Шелек ауылындағы әлеуметтік нысандарға шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды тұтқынға алды. Жаудың көзін жою үшін  мұздай қаруланған 700-дан аса сарбазы әуеден, құрлықтан соққы берді.

Бүлікшілер айтарлықтай қарсылық танытқан соң сынақ алаңына атқыштар мен артиллериялық құрылымдар, 70-ке жуық ауыр техника бет алып, басып алынған нысандарды бомбалауға кірісті.

Көп ұзамай арнайы жасақ барлық ғимаратты лаңкестерден түгел тазартып, тұрғындарды жау қолынан аман-есен құтқарды. Ми-171 тікұшағы, квадрокоптер мен өзге де әуе техникасы аспанда қалықтап жүріп, дер кезінде көмекке келіп отырды.

ВАЛЕРИЙ СЕМЕРИКОВ ҰҚШҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл осымен төртінші мәрте өтіп жатқан бірлескен шара. Барлық тапсырманы сарбаздар ойдағыдай орындады. Жедел әрекет ету ұжымдық күшінің алдына қойған міндеті көп. Соның бірі терроризммен күресті күшейту. Барлық елдің әксери қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздарының шеберлігіне жоғары баға беремін.

Бұл әскери ұйым ТМД кеңістігіндегі НАТО іспетті. Тиісінше, 6 елдің біреуіне сыртқы күштен шабуыл жасалса барлығы бірдей қарсы тұруға міндетті.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

-Бір сапта тұрып, бірлесе жауынгерлік міндетті атқарған елдердің қарым-қабілеттерін көрсетті. Заманға сай қару-жарақ үлгілерін, әскери және арнайы техниканы меңгерді. Кемшін тұстарымыз да болды. Бірақ біз оларды жойып, бірлесе жұмыс істеуді тоқтатпаймыз.Тәжірибемен бөлісу арқылы лаңкестікпен күресудің тиімді жолдарын қарастырамыз.

Осылайша, 6 елдің әбден машықтанған күштік құрылымдарының бітімгерлік оқу-жаттығуы сәтті аяқталды. Мұндай дайындықтар экстремистік, лаңкестік ұйымдардан төнген қауіп-қатерге бірлесе тойтарыс беру үшін ұйымдастырылған.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде