{metadescription}
Самал Есләмова ТМД елдері ішінде Канн кинофестивальінде жүлде алған алғашқы актриса
Самал Есләмова ТМД елдері ішінде Канн кинофестивальінде жүлде алған алғашқы актриса

Самал Есләмова ТМД елдері ішінде Канн кинофестивальінде жүлде алған алғашқы актриса

Самал Есләмоваға дейін Канн кинофестивальінде ТМД елдерінен ешбір актриса жүлде алып көрмепті. Осындай деңгейдегі марапатқа ие бола тұра, «Айка» фильіміндегі басты рөлі үшін алған гонорары да мардымды емес екенін жасырмады.

Кинотуындының бюджеті 2 жарым млн еуро. Бұл толықметражды конкурстық картиналар үшін аз қаражат екен . Мәскеудегі қырғыз гасорбайтер қыздың тағдыры туралы осы фильмді түсіруге режиссер Сергей Дворцевой 6 жылын сарп етіпті. Самалдың  осы кинодағы актерлік шеберлігі  халықаралық сыншыларды таң қалдырыпты.  Сөйтіп, Канн фестивалінің биылғы  «Ең үздік әйел рөлі»  номинациясы бойынша бас жүлде біздің Самалға бұйырды. Осыншама атақ-абырой әкелген «Айканы» қазақстандықтар алдағы күзде көре алады. Бірнеше күн бұрын ғана елге оралған актрисаға халық жылы лебіздерін аямай жатыр.

Самал Есләмова, актриса:

-Елімді жерімді ықыласымды білдіргім келеді. Рақмет сіздерге. Біпнеше күн  болды өте көп құттықтаулар  келіп жатыр. Қолдаулар.Ол өте үлкен нәрсе. Халқымның ықыласын сезіп жатқан ол өте үлкен бақыт. Рақмет халқыма, жеріме, сізге. Барлықтарыңызға  рақмет.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.