{metadescription}
Алматыда жас дарындар арнайы медальдармен марапатталды
Алматыда жас дарындар арнайы медальдармен марапатталды

Алматыда жас дарындар арнайы медальдармен марапатталды

Білімді мыңды жығады. Алматыда оқу аламанында оза шапқан оқушылардың басын қосын ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Интелектуалды марафондардың жеңімпаздары атанған жас дарындар арнайы медальдарьмен марапатталды.

Мәселен, № 175 гимназияның оқушылары биыл халықаралық ғылыми жобалардан 52, ал республикалықтан 47 жүлделі орын алған. Білім бәйгесінде бақтары жанған жас өренді ғылымға мектептен баулу, бағыт-бағдарын осы бастан айқындау- кемел келешектерінің кепілі дейді ұйымдастырушылар.

Дінмұхамед Пернебаев «Сенім» қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

-Осы жерден шыққан оқушыларды не только Қазақстанда ары қарай шетелге шығуға қолдап жатамыз.  Ғылымға міне 10 жыл болды ғой баурап жатқанымызға. Бұл ғылыми мүшені балаға деген талпыныс беру, оларды қолдау.

Мөлдір Кенжеғұл, «Жаңа ғасыр» № 175 гимназиясының оқушысы:

-Біздің мектепте осы ғылыми тәжірибелік конференция әр жыл сайын өтеді. Биыл оныншы жыл. Әр жыл сайын дарынды оқушылардың саны артуда осы конференцияға қатысушы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде