{metadescription}
Отандық әлеуметтанушылар қытайлық әріптестерінен шеберлік сағатын алды
Отандық әлеуметтанушылар қытайлық әріптестерінен шеберлік сағатын алды

Отандық әлеуметтанушылар қытайлық әріптестерінен шеберлік сағатын алды

Қазақстандық әлеуметтанушылар отбасылық терапияны дамытуды қытайлық маманнан үйренді. Бүгін Алматыда Тұңғыш президент қорының ұйымдастыруымен өткен әлеуметтанушылардың жиынында осы мәселе қызу талқыға түсті. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де жобаға қолдау білдірген.

Ғалымдар бұл ретте кемтар балаларды тәрбиелейтін отбасылардың проблемаларын қарастырды. Әрі мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен қарым-қатынасын талқылады. Шеберлік сабағында қытайлық әйгілі профессор Джойс Лай Чонг Ма өзінің білікті тәжірибесін отандық мамандармен бөлісті. Сондай-ақ, ол Гонконг қаласындағы отбасылық терапияның дамуы туралы әңгімелеп берді. Қатысушылар арасында психологтар, оқытушылдармен бірге  студенттер де ат салысып, ғылыми жобаларын ұсынған. Айта кетейік  мұндай іс-шара елімізде осымен сегінші рет өткізілуде.

Джойс Лай Чонг Ма,  Гонконг Қытай университетінің Әлеуметтік жұмыс департаментінің профессоры, Халықаралық отбасылық терапия қауымдастығының президенті:

- Қазақстанға келіп мұндай білікті шараға, қатысу мен үшін үлкен құрмет. Бүгінгі шеберлік сабақта әлеуметтанушылар мен әлеуметтік қызметкерлерді кездестіріп олардың білім беру саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында танымдық дәрістер оқыдым. Менің көтерген ең  негізгі мәселем отбасылық терапия және синдромы бар балаларды тәрбиелейтін отбасылырдың проблемаларын ашу болатын. Осы мақсатта ұйымдастырылған шарадағы пікірталастар да қызықты өткізілді. Тиімді әрі жақсы жетістіктерге қол жеткізу мақсатында өткен мұндай жиындар бізге қажет.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде