{metadescription}
Петропавлда күйеуін қатыгездікпен өлтірген әйел сотталды
Петропавлда күйеуін қатыгездікпен өлтірген әйел сотталды

Петропавлда күйеуін қатыгездікпен өлтірген әйел сотталды

Петропавлда күйеуін асқан қатыгездікпен өлтірген әйелге сот үкімі шықты. Егде жастағы жарының денесін бөлшектеп, қоқысқа тастаған қандықол қылмыскер 10 жылға сотталған....

strong>Елена Бунинаның өзі бұл үкімді естігенде міз бақпады.

Ол адам шошырлық қылмысты ақпанда жасаған. Алдымен онсызда денсаулығы жоқ отағасын аяусыз ұрып, бірнеше жерінен пышақ сұғыпты. Кейін жасы 70-ке тақаған азаматтың денесін балконда балтамен бөлшектеген. Әйел бұл әрекетін жасырып қалмақ болды. Яғни, марқұмның қансыраған аяқ-қолын қоқыс жәшігіне тастай салыпты. Қайта оны қаңғыбастар байқап қалған. Артынша әйел қамауға алынған болатын. Айтуынша, жары қыдыруға жібермей, осындай айуандыққа барыпты. Көршілері қылмыскердің бұрыннан ішімдікке әуестігі барын айтып отыр. Оның қолынан қаза тапқан ер адам Петропавлда тұрып жатқанымен Ресей азаматы болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.