{metadescription}
Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады
Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады

Ақтөбеде жүздеген кәсіпкер қаланың қақ ортасында көшені жауып тастады

Ақтөбеде орталық базардың саудагерлері таң атысымен наразылық шарасын ұйымдастырды. Үш жүзге тарта кәсіпкер қаланың қақ ортасындағы көшені жауып тастады. Көлік қатынасы тоқтап, әкімдік пен құқық қорғау органдарының өкілдері тайлы-тұяғымен осында жиналды. Өйткені өрт қауіпсіздігіне байланысты базардағы орындарды жабуға тапсырма келген. Енді саудагерлерден үш күн ішінде босатуды талап етіп отыр. Бірақ қысқа мерзімді талапқа олардың көнгісі жоқ.

-Жаппасын, жаппасын!

Онсыз да күн сайын адам көп жиналатын Ақтөбенің орталық базарының маңы таң атқаннан у-шу. Қабағы қатулы саудагерлер наразылық білдіріп, қос көшені жауып тастады. Өйткені бала-шағасын асырап, нан тауып отырған жерлерінен айрылғысы жоқ. Кеше базар әкімшілігі үш күн ішінде орындарын босатуды талап еткен. Өйткені өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеруге келгендер осындай бұйрық беріпті.

Жәния Есмағұлова, саудагер:

-Үш күннің ішінде базарды босатыңдар деген хабар келді. Біздер қайда барамыз? Менің тұрғаныма например 24 жыл болды. Осында күн көріп келе жатырмын. Бала-шағамды осымен асырап келе жатырмын.

Гүлжан Молдакешова, саудагер:

-Болмайды ғой олай істеуге. Халықты жұмыссыз қалдыруға. Ақтөбеде и так қаншама халық жұмыссыз босып жүр.

Жолды жапқан үш жүзге тарта саудагермен кездесуге алдымен қала әкімінің орынбасары және бөлім басшылары келді. Бірақ наразы топ олардың сөзін құлақтарына ілмеді. Жақында ғана базарды аралап, қауіпсіздік шараларын талап еткен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың келуін талап етті.

Артынша шұғыл жеткен облыс прокурорының бірінші орынбасары да саудагерлерді райынан қайтара алмады. Тіпті қорқытып көрмек те болды.

-Олай болмайды. Мен қазір тиісті шара қолдануға мәжбүр боламын.

Саудагерлердің талабын тыңдауға жеткен шаһар басшысы Ілияс Испанов та көпшіліктің аузына қақпақ болғысы келгенімен, онысынан түк шықпады.

Ілияс Испанов, Ақтөбе қаласының әкімі:

 -Сөйлемей тұрыңыздар. Аяғында айтасыздар. Мен қазір шешімді айтамын. Сіздер аяғында айтыңыздар.

Орталық базардағы үш жүзге жуық саудагер базардағы орындарын босатуы керек екен. Бұған ашынған олар шенеуніктердің құр сөзіне сенгісі жоқ. Ақыры әкім орынбасарлары жұртқа жалынуға көшті.

Ербол Нұрғалиев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

-Тыңдаңдаршы. Қазір мына жерге акимат жақын. 200 метр. Акт залы бар. Сол жерге барып бәрін талқылап отырайық. Тиісті органдарды шақырайық.

-Бармаймыз....

Орталық базар басшысының сөзінше, өрт қауіпсіздіне байланысты сауда орталығынан 34 заңсыздық табылған. Енді төтеншеліктер дереу бұл қателікті жоюды талап етіп отыр. Орындамаса сотқа береді. Ақыры әкімдікке жиналған саудагерлерге осыны түсіндіріп, тағы бір ай бойы базарда қалдыруға уәде етті.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде