{metadescription}
Оралда күйеу баласының қолынан оққа ұшқан азамат қайтыс болды
Оралда күйеу баласының қолынан оққа ұшқан азамат қайтыс болды

Оралда күйеу баласының қолынан оққа ұшқан азамат қайтыс болды

Оралда қандықол күйеу баласы оқ атқан азамат тілге келместен жан тапсырды. Дәрігерлер мүшкіл халде ауруханаға жеткізілген 66 жастағы Раниль Әбдірахмановты аман алып қалу...

trong>үшін онымен екі апта бойы арпалысқан.

АЙНАГҮЛ САҚБОСЫНОВА БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

-Алдымен, алты сағаттық ота жасадық. Жағдайы нашар болды. Сосын оны жан сақтау бөліміне жатқыздық. Ішіне оқ тиген. Екінші операциядан кейін жағдайы нашарлап, азамат қайтыс болды.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 10 мамырда Орал қаласындағы ықшамаудандарының бірінде болған. Қару асынған 38 жастағы азамат әйелі мен ұлы тұрып жатқан пәтерге кіріп, қайын жұртының ойранын шығарған еді. Қатыгез азамат табалдырықтан аттай сала аңшылық мылтықпен ата-енесіне оқ жаудырған. Шабуылға тап болған егде әйел жедел-жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмса, отағасы ауруханаға жеткізілген болатын. Із суытуға тырысқан қаскөй көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Қазір қанды қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, әке-шешесінен айырылған Нәдия Дәулетшина жауыз күйеуінің қатаң жазаға тартылуын сұрап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде