{metadescription}
Астанада «Kadex» көрмесінде басына темір құлап қаза тапқан 66 жастағы Елорда тұрғыны
Астанада «Kadex» көрмесінде басына темір құлап қаза тапқан 66 жастағы Елорда тұрғыны

Астанада «Kadex» көрмесінде басына темір құлап қаза тапқан 66 жастағы Елорда тұрғыны

Астанада өтіп жатқан «Kadex» көрмесінде басына темір конструкция құлап қаза тапқан Елорда тұрғыны екен. 66 жастағы қария ауруханаға дереу жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

БАУЫРЖАН БАБАШЕВ, ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

-Құлаған темір тақта өте ауыр. Марқұмның желкесіне түскен. Бізге жеткізілген кезде жағдайы бір қалыпты еді. Бірақ, кейін кенеттен көз жұмды.

Жантүршігерлік жайттың өзі осымен үшінші күн өтіп жатқан қару-жарақ көрмесінде кеше болды. Қатты желден «Kadex» жайлы ақпарат жазылған металл тақта, көрмені аралап жүрген зейнеткердің басына құлаған. Негізі ауқымды халықаралық шара өтіп жатқан алаңды көркемдеп, билбордтар ілумен айналысқан «Астана Экспо КС» компаниясы екен. Жеке серіктестік, дауылды ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауы керек болған.

Енді жұмысына жауапсыз қараған фирма жауап беруі тиіс.

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде